Алматыда регбиден жоғарғы лига командалары арасында V кезеңінің үздіктері белгілі болды.

Аталған республикалық дода ерлер мен әйелдер командалары арасында 11-12 қазан күндері Алматы қаласында өтті.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі келесідей:

Ерлер командасы:

І. "ALMATY RUGBY CLUB" (Алматы қаласы)

II. "OLYMP" (Талдықорған қаласы)

III. "CASPIAN TEAM" (Ақтау қаласы)

Әйелдер командасы:

I. "ALMATY RUGBY CLUB" (Алматы қаласы)

II. "OLYMP" (Талдықорған қаласы)

III. "JETISY" (Талдыкорган қаласы)