Ерлер командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатында «Буревестник» волейбол клубы кувейттік «Казмамен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтық кезеңнің төртінші кездесуінде алматылық команда 3:0 (17:25, 20:25, 22:25) есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, «Буревестник» он ұпаймен А тобының турнирлік кестесінде көш бастап тұр.