Ослода өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында әйелдер күресінен жұбаныш белдесулері аяқталды.

Өкінішке қарай, қазақстандық балуандар жеңіліп қалды.

57 келіде белдескен Нулифар Раимова моңғолиялық Даваачимер Ерхенбаярдан мерзімінен бұрын, 0:10 есебімен ұтылды.

59 келідегі Диана Каюмова Моңғолия өкілі Шовдор Баатаржавтан 0:6 есебімен жеңіліс тапты.

Осылайша, қазақстандық спортшылар жүлдеге таласу құқығынан айырылды.