Елордалық «Астана» қысқы трансферлік мерзімде «Жетісу» командасының шабуылшысы Айбар Жақсылықовты қатарына қоспақ.

Биыл шабуылшы 15 матчта төрт гол соғып, екі нәтижелі пастың авторы атанған. «Жетісу» болса маусым аяқталмай жатып Премьер-лигадағы орнынан айырылды.

«Астана» турнир кестесінде 53 ұпаймен көш бастап тұр. Ізінен бір ұпай аз «Тобыл» келеді.