19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2022 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Чехиядан ұтылып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттық құраманың бас бапкері матчқа келесі құрамды шығарды: Анарбеков (Қ), Кравченко, Сатышев, Халматов, Широбоков, Азатов, Рахимжанов, Яковлев, Кушкумбаев, Кенжебек (К), Труфанов.

Чехия U-19-Қазақстан U-19 3: 0 (1: 0)

Голдар: Вехета 18 (1: 0), Вехета 51 (2: 0), Выдра 60 (3: 0).

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа чемпионатына іріктеуде Қазақстан құрамасы 13 -топқа түсті. Команданың қарсыластары Дания, Солтүстік Ирландия мен Чехия болды.

9 қазанда қазақстандықтар даниялықтармен, ал 12 қазанда Солтүстік Ирландиямен кездеседі.