«Астананың» бес ойыншысы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астананың» ойыншылары Сұлтан Сағнаев, Сағи Совет, Лев Скворцов, Мейрамбек Қалмырза және Владислав Прокопенко Қазақстан жастар құрамасының Бельгия мен Түркия құрамаларына қарсы ойындарына шақырту алды», - делінген хабарламада. Ал Станислав Басманов команданың қосалқы тізіміне енді. 8 қазан күні Қазақстан U21 жастар құрамасы сырт алаңда Бельгиямен кездесіп, 12 қазанда Қарағандыда түркиялықтармен күш сынасады.