«Ақтөбе» футбол клубы грузиялық жартылай қорғаушы Заза Цицкишвилимен еңбек келісімшартының бұзылғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісімшарт қос тараптың өзара келісім бойынша бұзылған.

Жартылай қорғаушы «Ақтөбеге» шілдеде ауысып келген. Қазақстан кубогы аясында бес матчқа қатысты.