Футзалдан 2021 жылғы әлем чемпионатының үшінші орны үшін өтетін Бразилия мен Қазақстан матчында әйел адам төрелік етеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бас төреші болып чилилік Валерия Пальма тағайындалды. Оған чех Ондрей Черны мен жапон Томохиро Козаки көмектеседі. Төртінші ресми тұлға да әйел – ол ресейлік Ирина Великанова. Қосалқы төреші мароккалық Халид Хних болады.

Естеріңізге сала кетейік, матч бүгін, 3 қазанда, астана уақытымен 21:00-де литвалық Каунаста өтеді.