Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Бразилия құрамасымен ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, жартылай финалда бразилиялықтар әлемнің қазіргі чемпионы - Аргентинадан ұтылды (1:2). Біздің құрама пенальти сериясында Еуропа чемпионы - португалдықтарға есе жіберді (2:2, пенальти - 3:4).

Бразилия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады. Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.