Futsal.profissional инстаграм аккаунты 2021 жылғы футзалдан әлем чемпионатының жартылай финал матчында Қазақстан құрамасының қақпашысы Игитаның салқынқанды ойынына сүйсінді, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Қосымша уақыттың екінші таймының соңында португалдық ойыншы Бруно Коэльо Қазақстан құрамасы қақпашысының айып алаңында допты қабылдап, қақпаға дәл соққы жасайтын видео жарияланды. Бірақ Игита допты сабырлы түрде қайтарған.

«Игитаның абсурдты сабырлылығы», - деп жазды видео авторлары.

Естеріңізге сала кетейік, Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы пенальти сериясында Португалиядан 3:4 есебімен ұтылып қалды. Турнирдің қола жүлдесі үшін отандастарымыз Бразилиямен ойнайды. Матч 3 қазанда Каунас қаласында өтеді.