Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев командасының Токио Олимпиадасындағы сәтсіздігінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл өте үлкен тәжірибе болды. Менің мұндай тәжірибем болмаған. Жұмыста, команданы дайындауда осы тәжірибе жетіспеген болар. Бұл жақсы тәжірибе, бірақ, әрине, ондай қайталанғанын қаламаймын», - деді Кенжебаев LifeSport KZ Youtube-каналына берген сұхбатында.

Еске салайық, Токио Олимпиадасынан қазақстандық боксшылар алғаш рет алтын медальсіз қайтқан еді. Ел қоржынына Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов қола медаль салған. Қалған боксшылар алғашқы кезеңдерде жеңіліп қалған болатын.

Олимпиададан кейін Кенжебаев отставкаға кеткен еді.