Жеңіл салмақ дәрежесінде жеңілмеген қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (11-0, 7 КО) Ұлыбританияда келесі жекпе-жегіне дайындықты жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшының бапкері Дэвид Колдуэлл Instagram парақшасында Заурбек жаттығу залында жаттығып жатқан видеоны жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет рингке Сұлтан Заурбек 10 шілдеде Алматыда шыққан болатын. Ол британдық боксшы Ронни Кларкты (21-5-2, 10 КО) бірауызды шешіммен жеңді және WBO нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы атағы бойынша екінші жеңіл салмақта жеңімпаз атанды.