Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) 5 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) рингке оралады, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Бұл күні ол WBA және WBO нұсқасы бойынша орта дивизионның бұрынғы әлем чемпионы, 37 жастағы француз Хасан Н'Дама Н'Жикаммен (38-5, 21 КО) жұдырықтасады.

28 жастағы қазақстандық өзінің инстаграм парақшасында осы жекпе-жектің ресми постерін орналастырды.

Top Rank бокс кешіндегі басты оқиға WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Микаэла Майер (15-0, 5 КО) мен IBF белбеуінің иегері француз Майва Хамадуш (22-1, 18 КО) арасындағы кездесу болады.