Футзалдан Қазақстан құрамасы егер ширек финалда Иранды ұтса, Литвада өтетін жартылай финалда кіммен ойнай алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Рrosports.kz.

Иран құрамасын ұтса, Қазақстан 1/2 финалда Испания - Португалия жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Тағы бір жартылай финалда Марокко - Бразилия, Ресей - Аргентина ойнайды.

Жартылай финал 29-30 қыркүйекте өтсе, үшінші орын мен финал үшін матч 3 қазанда өтеді.

Иран мен Қазақстанның ширек финал кездесуі 27 қыркүйекте Каунаста өтеді. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 23: 00-де.

Айта кетейік, Қазіргі әлем чемпионы - Аргентина құрамасы.