Қазақстан құрамасы футзалдан Литвадағы әлем чемпионатының ширек финалында Иранмен күш сынасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалында Иран құрамасы Өзбекстанды 9:8 есебімен жеңді.

Иран — Қазақстан матчы 27 қыркүйекте Каунаста өтеді. Ойын елорда уақытымен 23:00-де басталады.

Еске салайық, турнирдің 1/8 финалында Қазақстан құрамасы Таиландты 7:0 есебімен жеңген.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы тарихында алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалында өнер көрсетеді.