«Ордабасының» үш футболшысы Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамына енді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шымкенттік футболдың тәрбиеленушілері, қақпашы - Бекхан Шайзада, қорғаушы - Сағадат Тұрсынбай мен жартылай қорғаушы - Сұлтанбек Астанов Қазақстан ұлттық құрамасының қазан айында болатын Финляндия мен Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы ойындарға арналған кеңейтілген құрамына енді», - делінген хабарламада.