Иорданияда гандболдан Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан командасы өз тобында үш ойын өткізіп үлгерді.
Топтағы үшінші ойында Қазақстан командасы Өзбекстанмен кездескен болатын.
Тартысты кездесуде 31:28 есебімен Қазақстан командасы жеңіске жетіп, А тобындағы екінші орынға тұрақтады.
Қазақстандықтар қосымша көрсеткіштер бойынша ғана Оңтүстік Кореяға есе жіберген. Екі команданың де еншісінде алты ұпайдан бар.
Келесі ойында топ көшбасшылары өзара кездеседі.
Комментарии