Волейболдан Қазақстан ерлер командасы волейболдан Азия чемпионатындағы жорығын аяқтады деп хабарлайды Olympic.kz.

Соңғы кездесуге қазақстандықтар Сауд Арабиясын 3:0 есебімен ұтып, 11-ші орын иеленді.

Айта кетелік, Жапонияның Чиба қаласында өтіп жатқан құрлық біріншілігінің финалына жарыс қожайындары мен Иран командасы кездеседі.