Қазақстан құрамасы Ташкентте 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан Азия регби-7 сериясында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтар 12:10 есебімен үндістандық құрдастарын жеңді. Құрама сапында Анастасия Ходус пен Милана Алаева бес ұпайдан салса, екі ұпайды Гүлім Бақытбек сыйлады.

Оның алдында қазақстандық құрама турнир қожайыны Өзбекстанды 26:0 есебімен тас-талқан еткен еді.

Енді Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де қазақстандық қыздар Біріккен Араб Әмірлігімен кездеседі.

Фото asiarugby.com