Қазақстан құрамасы Ташкентте өтіп жатқан 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия регби-7 сериясын сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

18 қыркүйек күні таңертең қазақстандық қыздар Өзбекстан құрамасын 26:0 есебімен жеңді. Анжелика Пичугина Қазақстан құрамасында 11 ұпай, Гүлім Бақытбек - 7 ұпай жинады.

Нұр-Сұлтан уақытымен 13:20-да қазақстандық қыздар Үндістан құрамасымен кездеседі.