Италия чемпионатының үшінші турында туриндік «Ювентус» сырта алаңда «Наполиге» есе жіберді.

Неаполь қаласындағы матчта Альваро Мората есеп ашты. Алайда, алаң қожайындары Политано мен Кулибали соққан голдар арқасында жеңісті жұлып алды.

«Ювентус» өткен турда «Эмполиден» ұтылған еді.