Ағылшын Премьер-лигасының 4-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Ньюкаслды» 4:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде Криштиану Роналду манчестерлік клубқа ауысқаннан бері алғашқы матчын өткізіп, екі гол соқты. Алаң иелері сапынан Бруну Фернандеш пен Джесси Лингард бір голдан соқты.