Екінші орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) 12 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда маңызды жекпе-жек өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Ербосынұлы гайаналық Леннокс Алленмен (22-1-1, 14 КО) жұдырықтасады. Бұл кездесудің жеңімпазы екінші орта салмақта WBA әлем чемпионы титулына ресми үміткер болады. Айдос WBA нұсқасы бойынша екінші орта салмақтың рейтингісінде көш бастап тұр, ал оның қарсыласы Аллен 10-орында.

Елордадағы бокстан кешін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Тікелей трансляция 16:00-де басталады.

Ест кетейік, кеш аясында Бек Нұрмағанбет (4-0, 2КО), Евгений Павлов (4-0, 3КО), Данила Семенов (3-0, 2КО) және Фируза Шарипова (13-1, 7КО) өнер көрсетеді.

Айдос Ербосынұлы былтыр желтоқсанында Нұр-Сұлтанда ганалық Исса Самирді (19-1, 16 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.

Екінші орта салмақта WBA Super чемпионы атағы мексикалық Сауль Альвареске, ал тұрақты чемпиондық белбеу кубалық Дэвид Морреллге тиесілі. Былтыр тамызда Леннокс Аллен Морреллге бірауызды шешіммен есе жіберді.