Бұл күндері Өскеменде шосседегі велоспорттан "Абай жолы" көпкүндігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Кезекті жарыс күнінде көпкүндіктің V кезеңі мәресіне жетті. Нәтижесінде 90 км шақырымды Даниил Мухин бірінші болып бағындырды. Нұрберген Нұрлықасым екінші болса, Нұржан Хатпин үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетерлігі, 8-9 қыркүйек күндері соңғы кезеңдері өтетін болады.