Қазақстандық команда биылғы маусымда өткен үш ірі турнирде сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» тарихта бірінші рет жылдың ең ірі үш жарыстан жүлдесіз оралды. Вуэльтада команда доданы үш шабандозбен аяқтады. Төрт испандық пен капитан Власов жарақатына байланысты жарысты мерзімінен бұрын аяқтады. Күзде өтетін жарыстарда да елордалық командадан жеңіс күту қиын. Көшбасшы шабандоздардың жарақаты бар.

Осы сәтсіз нәтижелерге байланысты Александр Винакуров бастаған ұжым команда құрамын күшейтуді жоспарлап отыр. Екі күн бұрын италиялық спринтер Элиа Вивианимен келісімшарт жасалады деген ақпар шықты. Сонымен қатар, Винокуровтың айтуынша, Винченцо Нибалидің «Астанаға» ауысуы аяқталған процесс.