38 жастағы футболшы Италия А сериясына осы маусымда ғана жолдама алған «Салернитанамен» келісімшартқа отырды.

Жартылай қорғаушының жеке келісімшартының егжей-тегжейі белгісіз.

Рибери соңғы екі маусымды Италияның «Фиорентина» клубында өткізді. Өткен маусымда Франк А сериясының 29 ойынында екі гол соқты және алты нәтижелі пас шығарды.