Базельде Швейцария құрамасымен тең түскен Италия рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.

Италиялықтар 36 матч бойы жеңілмей келеді. Бұған дейін ешқандай ұлттық құрама мұндай жетістікке жетпеген.

Роберто Манчини командасы ӘЧ-2022 іріктеу кезеңінің C тобында 11 ұпаймен көш бастап тұр.

Бұл серия кезінде «Скуадра адзурра» Еуропа чемпионатында топ жарды.

Фото today.in-24.com