Осы күндері Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан ерлер мен әйелдер арасында Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр. Аталмыш додаға қазақстандық спортшылар да қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Екінші күннің іріктеу сайыстарынан кейін спортшымыз Фарух Нәбиев қоссырықтағы жаттығулар бойынша 6-орын иеленіп, финалға жолдама алды.

Әйелдер арасындағы жарыста Аида Бауыржанова еркін жаттығулардан 3-орын алып, ақтық сында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.