Қазақстан құрамасы үшін Токиодағы Паралимпиада ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрамамыз сапында соңғы болып таэквондошы Нышан Өмірәлі жарыс жолына шықты. Өкінішке қарай, отандасымыз алғашқы қарсыласы - Коста-Рика өкілі Андрес Эстебан Молинадан жеңіліп қалды. Кейін жұбаныш жартылай финалында мексикалық Франиско Педросаға жол берді.

Паралимпиада ертең аяқталады. Бірақ соңғы жарыс күнінде Қазақстан атынан ешкім шықпайды.

Осылайша, Қазақстан 2020 жылғы Паралимпиада ойындарын бес медальмен аяқтады. Пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын медаль иеленді. Дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатина құрама қоржнына күміс медальдан салды. Ал жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали «қола» алған болатын.

Бұл Қазақстан құрамасының медаль саны бойынша Паралимпиада тарихындағы рекорды саналады.

Енді Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты 5 қыркүйекте өтеді.