Қарағанды облыстық кешенді спорт мектебінің тәрбиеленушісі Борис Букатка жасөспірімдер мен юниорлар арасында пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды.

Жарыс Румынияның Орадя қаласында өтті. Додада 33 елдің спортшылары бәсекелесті. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері , 18 жасар Борис Букатка 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Жалпы нәтижесі 540 кг құраған қарағандылық алтын алды. Ол барлық түрлер бойынша бірінші орынға ие болды: скват – 205 кг, пресс – 130 кг, дедлифт – 205 кг. Жеңімпаздың тәлімгері – Қарағанды облысының пауэрлифтингтен аға жаттықтырушысы Ирина Дейнека.