«Атырау» футзал клубының ойыншылары Алматыда оқу-жаттығу жиынын бастады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

2020/2021 жылғы маусымда атыраулықтар Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанып, Чемпиондар лигасына қатысуға мүмкіндік алды.

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «Атырау» лиссабондық «Спортинг», словениялық «Добовец», франциялық «Аньер-Вильев» командаларымен кездеседі. Ойындар қазан айының соңында Словенияда өтеді.

Фото instagram.com/mfcatyrau_official