Футзалдан Қазақстан құрамасы Ресейде «Газпром-Югра» командасына қарсы жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:0 есебімен ресейлік клубтың жеңісімен аяқталды. Ресейліктер сапында Щимба мен Андрей Понкратов гол соқты.

4 және 6 қыркүйекте Қазақстан Ресей құрамасымен жолдастық матч өткізеді. Ал кейін 12 қыркүйек пен 6 қазан арасында Литвада футзалдан әлем чемпионатына қатысады.

«Газпром-Югра» (Югорск) – Қазақстан 2:0 (1:0)Голдар: 1:0 – Щимба (12), 2:0 – Понкратов (35)