«Ренн» жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга «Реалға» ауысты.

18 жастағы футболшының мадридтік клубпен келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Бұған дейін жартылай қорғаушының трансферлік сомасы шамамен 35 миллион еуроны құрайды деген ақпарат тараған еді.