Мәскеудің ЦСКА футбол клубының жартылай қорғаушысы Кристиан Бистрович италиялық «Специяға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бистрович өткен маусымның бір бөлігін түркиялық «Касимпаша» клубында жалда ойнады.

Осы маусымда хорватиялық жартылай қорғаушы ЦСКА сапында екі матчқа қатысып, бір гол соқты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының футболшысы Бактиер Зайнутдинов ЦСКА жейдесінде өнер көрсетеді.