ЦСКА шабуылшысы Адольфо Гайч мансабын Испанияда жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы Сегундада өнер көрсететін «Уэска» сапына маусымның соңына дейін жалға ауысты.

22 жастағы шабуылшының ЦСКА-мен келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жарамды.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов ЦСКА-да ойнайды.