«Бенфика» мен Украина құрамасының шабуылшысы Роман Яремчук 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасына қарсы матчқа қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Ua-football.com сайтына сілтеме жасап.

Украиналық БАҚ мәліметінше, Яремчук вакцина салдырғаннан кейін қызуы көтерілген. Ол «Бенфиканың» Португалия чемпионатындағы алғашқы матчына да қатыспайды. Әзірше ол жаттығу жасамайды, ал Қазақстанға қарсы ойнап-ойнамайтыны футболшының жағдайына байланысты екені хабарланды.

Қазақстан - Украина матчы 1 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтеді.