Қазақстандық дзюдошы Жанбота Аманжол 2020 жылы Токиодағы Паралимпиадалық ойындардың қола жүлдесі үшін күреседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұбаныш белдесуде Аманжол өзбекстандық Шухрат Бобоевтен мықты болды. Жекпе-жек 10: 0 есебімен аяқталды.

Үшінші орын үшін қазақстандық франциялық Гелиос Латчуманамен кездеседі.

Жапония астанасындағы татамидегі соңғы сессия Нұр-Сұлтан уақытымен 13:30-да басталады.