Қазақстандық пара дзюдошы Зарина Байбатина Паралимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші кезеңде 70 келіге дейінгі салмақта Байбатина моңғолиялық Нямаа Алтанцэцэгтен басым болды. Осылайша, қазақстандық Паралимпиада ойындарының жартылай финалына шықты.