Ирландиялық файтер Конор Макгрегор португалиялық футболшы Криштиану Роналдуды «Манчестер Юнайтедке» оралуымен құттықтады, деп хабарлайды Prosports kz.

Макгрегор Твиттер-парақшасында былай деп жазды: «Криштиану мен «Манчестер Юнайтедті» құттықтаймын. Мұны естігеніме қуаныштымын».

Бұған дейін «Манчестер Юнайтед» Криштиану Роналдумен келісімшарт жасасқанын хабарлаған болатын.