Криштиану Роналдудың «Манчестер Юнайтед» клубында қанша жалақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Джанлуки Ди Марционың хабарлауынша, португалиялық ойыншы «қызыл сойқандармен» екі жылдық келісімшарт жасасты, жалақысы жылына 29,2 миллион еуро болады.

36 жастағы шабуылшы англиялық клубқа «Ювентустан» ауысып келді. Турниндік клубта ол 134 матчқа қатысып, 101 гол соқты және 22 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Роналду 2003-2009 жылдар аралығында «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсеткен.