Қазақстандық пара спортшы, пауерлифтингтен Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева 2020 жылғы Токио Паралимпиадасында төртінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен. Қазақстандық спортшы 112 келіні бағындырды.

Бұл жарыста қытайлық Тань Юйцзяо 133 келіні еңсеріп, алтын медаль иеленді. Мысырлық Фатима Омар (120 кг) күміс, нигериялық Ибрахим Олайтан (119 кг) қола медаль алды.