Бүгін 50 метрге баттерфляй әдісімен суда жүзуден ерлер арасындағы S5 санатындағы финалдық жарыс аяқталды.

Қазақстандық Сиязбек Далиев 8 спортшының арасында 5-орынға тұрақтады. Көрсеткіші - 35.27 секунд. Ал үш жүлдені де қытайлық пара спортшы иеленді.

Айта кетейік, отандасымыз таңертең іріктеу кезеңінде бұл қашықтықты 35.73 секундта жүзіп өткен еді.