Қазақстандық спортшы Гүлбану Әбдіхалықова Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында жүлде ала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Пара пауэрлифтингтен сынға түскен отандасымыз жетінші орынға тұрақтады.

Әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен жерлесіміз 76 келіні көтерді.

Айта кетейік, бұған дейін Давид Дегтярев Паралимпиада чемпионы атанған болатын.