УЕФА-ның ресми сайты футзалдан кәрі құрлықта өнер көрсететін командалардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңартылған рейтингте АФК «Қайрат» 42166 ұпай жинап Еуропа командалары арасында 2-ші орынға ие болып отыр.

Алдағы казан айында «Қайрат» УЕФА кубогы жолындағы бәсекелерін бастайды. Еуропаның рейтингінде үздіктердің қатарында тұрған алматылықтар жарыстың негізгі кезеңінен бастайды. Негізгі раундтың жеребе тарту рәсімі тамыз айының 30-ы өтеді.