«Ақтөбе» футбол клубы украиналық шабуылшы Виктор Балашовпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Балашов «Черноморц» футбол клубының түлегі. Польшаның «Висла», молдавалық «Милсами» және ресейлік «Тамбов» сапында өнер көрсеткен.

Бұған дейін футболшы қарағандылық «Шахтер» сапында 7 кездесуге қатысып, бір гол соққан.