27 тамызда Ыстамбұлда УЕФА Конференция лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Турнирдің бұл кезеңінде Қазақстан атынан алматылық «Қайрат» өнер көрсетеді. Жеребе алдында алматылықтар УЕФА-ның клубтық рейтингісіндегі орнына сәйкес үшінші себетке жайғасты.

Командалар рейтингтегі орындарына байланысты төрт себетке бөлінді:

1-себет: «Рома» (Италия), «Тоттенхэм Хотспур» (Англия), «Базель» (Швейцария), «Славия» (Прага, Чехия), «Копенгаген» (Дания), «Гент» (Бельгия), АЗ (Нидерланды), ЛАСК (Австрия)

2-себет: «Фейенорд» (Нидерланды), «Карабах» (Әзірбайжан), «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль), ПАОК (Греция), «Ренн» (Франция), «Партизан» (Белград, Сербия), «ЧФР Клуж» (Румыния), «Заря» (Луганск, Украина)

3-себет: «Унион Берлин» (Германия) , ЦСКА (София, Болгария), «Витесс» (Нидерланды), «Слован» (Братислава, Словакия), «Яблонец» (Чехия), «Алашкерт» (Армения), «Флора» (Эстония), «Қайрат» (Алматы, Қазақстан)

4-себет: «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар), «Раннерс» (Дания), «Омония» (Кипр), «Анортосис» (Кипр), ХИК (Финляндия), «Маккаби» (Хайфа, Израиль), «Буде-Глимт» (Норвегия), «Мура» (Словения).

Конференция лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады. Шараны мына СІЛТЕМЕ арқылы тікелей эфирде көруге болады.

Фото uefa.com