Әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Украина арасындағы матчқа көрерменнің келуіне рұқсат етілді. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты жазды.

Ұйымдастырушыларға стадион сыйымдылығының 30 пайызынан аспайтындай көрерменнің келуіне рұқсат етілген. Сәйкесінше, матчты стадионнан 9 мың көрермен тамашалай алады.

Күні ертең Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері жанкүйерлердің келуіне жазбаша рұқсатын береді.