Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші турының кейінге қалдырылған ойыны өтті.
Нәтижесінде алаң иелері қақпасына жауапсыз бес гол соғып кетті. Олардың қатарынан Юрий Бушман 2-минутта есеп ашса, одан кейін 9-минутта Валерий Каршакевич есепті үстемелей түсті.
Екінші кезеңнің 57-минутында Дарко Зорич мергендік танытып, «Қызылжардың» басымдығын арттырды. Ал 62-минутта «Ордабасы» ойыншысы Александр Симчевич автогол авторы атанса, 79-минутта Павел Яковлев петропавлдық клубтың бүгінгі кездесудегі соңғы голын соқты.
Комментарии