Бүгін шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан чемпионатының бірінші туры аясында петропавлдық «Қызыл-Жар СК» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч негізі 14 наурызда өтуі керек болған, алайда ауа райына байланысты ол шегерілген еді.

«Ордабасы» турнир кестесінде 5-орында тұр, «Қызыл-Жар» 6-сатыда келеді. Жеңіске жеткен команда 4-орынға көтеріледі.

Кейінгі рет командалар 1 тамызда Қазақстан кубогының топтық кезеңінде кездескен. Сол кезде «Қызыл-Жар» 1:0 есебімен жеңген болатын.

«Ордабасы» - «Қызыл-Жар СК» матчы Шымкенттегі Намыс стадионында өтеді, басталуы 18:00-де.

Национальная сборная Казахстана начала подготовку к матчам квалификации ЧМ-2022. ФОТО