Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Роман Мұртазаев калининградтық «Балтика» сапындағы дебютін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Форвард Ресей кубогының топтық кезеңінде «Саранск» қақпасына матчтың 39-минутында гол соқты.

Еске салайық, Мұртазаев «Балтика» сапына шілдеде ауысқан болатын. Команда биыл Ресейдің екінші дивизионында ойнайды.